Алимент төлеуден жалтарған павлодарлық көлігінен айырылды

Алимент төлеуден жалтарған павлодарлық көлігінен айырылды
ЖИ иллюстрациялық суреті

Әрі оның өтелмеген айыппұлдары бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері «Toyota» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру барысында жүргізушінің сот шешіміне қарамастан, алимент төлеуден жалтарып жүргені анықталды.

Сонымен қатар, жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша да берешегі болған.

- Жеке сот орындаушысының қаулысына сәйкес, борышкердің автокөлігіне тыйым салынып, көлік арнайы тұраққа қойылды. Автокөлік берешек толық өтелгенге дейін арнайы тұрақта болады, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар көлік иелерінің 27 автокөлігі арнайы тұраққа қойылған. Оның ішінде 7 жүргізушінің алимент бойынша берешегі болған.

– Жыл басынан бері қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 113 адам анықталды, – деді облыстық көші-қон қызметінің бастығы Александр Кузьменко.

Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналарды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді. Өңірде бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізіле береді.