Павлодарда балаларға «Имандылық әліппесін» үйретеді

Павлодарда балаларға «Имандылық әліппесін» үйретеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сабақтар күнделікті сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚМДБ оқу-ағарту бөлімінің тапсырмасымен облыстың барлық ауыл, аудан, қала  мешітінде «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсы басталды. Орталық  Мәшһүр Жүсіп мешітінде өткен «Имани жаз-2024» іс-шарасының ашылуына облыстың бас имамы Жолдас Бертымұратов қатысып, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Балалар мен ата-аналарға шариғи білім алудың маңызы мен ерекшеліктерін, жазғы сауат ашу курсының басымдық беретін тұстарын айтты.

– Ең бастысы – балалардың тәртібі мен денсаулығы және қауіпсіздігі. Бұл жылғы ерекшеліктің бірі – сабақтар арнайы дайындалған «Имандылық әліппесі» оқулығы арқылы өтеді, – деді Жолдас Бертымұратов.  

Сонымен қатар әр күн сайын балаларға арналған ас-су беріліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.