Асайын Байханов ерекше форматта өткен көрмеге қатысты

Асайын Байханов ерекше форматта өткен көрмеге қатысты

Фото көрме онкологиялық сырқатқа шалдыққан жандарды қолдауға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ерекше көрме туралы облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Бүгін онкологиялық сырқатқа шалдыққан жандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған ерекше фотокөрмеде болдым. Көрмені ұйымдастырушы - қатерлі ісік диагнозы қойылған 2 топтағы мүгедек Алтын Сәдуақасованың: «Қатерлі ісік - бұл үкім емес және біз өзіміздің фотокөрмеміз арқылы адамдарға өмірдің жалғасып жатқанын көрсетеміз», - деген сөзін естігенде мен осы маңызды шараға қолдау білдіремін деп шешім қабылдадым, - деп жазды Асайын Байханов.

Аймақ басшысы, қызыл кілемде ауыр онкологиялық сырқатқа шалдыққан нәзік жандарды көрген сәтте қобалжығанын жасырмады.

- Олар күлімсіріген жүздерімен өмірге қуанып, дефиледен өтті. Бұл "Nur jausyn" қауымдастығының ауыр сырқаты бар жандарды қолдау мақсатында ұйымдастырып отырған «Өмір керемет - 2» атты екінші фотокөрмесі. Шын ниетпен сауығып кетуді тілеймін, барлық адамдардың дендері сау болсын, - деп қорытындылады жазбасын.