Павлодарда иттердің ұлттық көрмесі өтеді
Оған тіпті қажетті құжаттары бар үш айлық күшіктер де қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
13 тамызда Свер KZ кубогы» үшін барлық тұқымды иттердің ұлттық көрмесі өтеді. Оны Павлодар облыстық «Альянс» кинологтар клубы ұйымдастырып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, өтетін орын әлі белгілі емес, ол күні жақындағанда жарияланады. Қазіргі таңда тіркеу қызу жүріп жатыр. Жаопы, көрмеге қатысатын иттерді тіркеу 9 тамызда аяқталады.
- Біздің қаланың ғана емес, Астананың да ит өсірушілері қатысатындарын мәлімдеді. Негізінде, иттердің жасына ешқандай шектеулер жоқ, тек құжаттары (күшіктердің өлшемдері немесе асыл тұқымды), тиісті вакцинация белгілері бар вакцинация паспорты бар үш айлық иттер қатыса алады. Төрешілік етуге ұлттық санаттағы сарапшы, өскемендік Евгения Лыкова келеді, – дейді «Альянс» клубының жетекшісі Данара Сейтқанова.
Оның айтуынша, көрмеде асыл тұқымды иттердің өзінен бөлек, алғаш рет дәстүрлі киімдер байқауы мен чемпиондар шеруі өтеді.
Ал қыркүйек айында клуб «ALTYNSTARTKZ» тазы жарысынан жарыстар өткізеді.
Айта кету керек, «Альянс» клубы әдемі де әсерлі көрмелерден бөлек, қайырымдылық фотосессияларын өткізеді. Павлодар әкімдігінің шағын гранттары бойынша конкурстарға, қоғамдық тыңдауларға қатысады. Ит жарыстарын ұйымдастырып, жастарды волонтерлік қызметке тартауды көздеп отыр.