Аққулыда ірі қара малдың саны көбейді

Аққулыда ірі қара малдың саны көбейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауданның экономикалық дамуының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Аққулы ауданының әкімі Руслан Мұқанов ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындыларымен таныстыру барысында баяндады. Әкім жыл басынан бері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының макро көрсеткіштері бойынша оң динамика көрсетіп жатқанын атап өтті.

–    Ауылшаруашылық жалпы өнімінің нақты көлемі – 21,9 миилиард теңгені құрады. Былтырғыға қарағанда ірі қара мал 6,5 пайызға өсті. Облыс бойынша басқа ауданнан 200 мал сатып алынды, – деді аудан әкімі.

Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында да оң нәтижеге жеткенін айтты.

–  Тірі салмақта ет – 3789,6 тонна, сүт – 8429,3 тонна, жұмыртқа 470,5 мың дана өндірілді, – деді аудан әкімі.

Биыл ауданда қосымша 240 га суармалы жер айналымға енгізілген. Дәнді дақылдардан жаздық арпа – 1 090 гектар, сұлы – 760 гектар, тары – 1 640 га, күнбағыс – 3 900 гектар, рапс – 67 гектар, соя – 400 гектар, картоп - 1 460 гектар, бақша дақылдары - 1 193 гектар, көкөністер - 210 гектар, көп жылдық шөптер -6500 гектар, біржылдық шөптер- 4500 гектар, сүрмелдік дақылдар- 400 гектарды құрады.

Егін жинау жұмыстарын жүргізу және жемшөп дайындау үшін 514 тонна арзандатылған дизелді отын бөлінген.