Тереңкөл ауданында ауыл құтқарушылары үйді толық жанып кетуден сақтап қалды

Тереңкөл ауданында ауыл құтқарушылары үйді толық жанып кетуден сақтап қалды
Фото: Константин Шелков

Жалын шарпыған аумақ 15 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 тамыз күні сағат 23:49-да аудандық 101 пультіне Байқоныс ауылында үйдің жанып жатқаны туралы хабар түскен. Дабылды естіген бойда ауылдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жалынның бүкіл үйді шарпуына жол бермеді.

Байқоныс бекеті мамандары өртті батыл әрі жылдам сөндіру бағытын таңдап, 8-ӨСБ жеке құрамымен бірге күш біріктірді. Нәтижесінде сағат 00:56-да өрт толық сөндірілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұл жағдай – «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасының тиімділігін және ауыл тұрғындарының өмірі мен мүлкін қорғауда мұндай бекеттердің маңызды рөл атқаратынын айқын көрсетеді