Ақсу қаласында қоқыс тастау ережесін бұзғандар анықталды

Сегіз айда бес жүзге жуық заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында полицейлер қоршаған ортаны абаттандыру және жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде.
– Күн сайын рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына бейім орындарда рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Белгіленбеген жерлерде қоқыс тастайтын немесе ағынды суларды төгетін тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері полицейлер 470-ке жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, олардың ішінде абаттандыру ережесін бұзу – 352, жалпы пайдалану орындарын ластау – 118.
– Мысалы, Ақсу кентінде Абай көшесінің бойында өзінің жеке үйінің қақпасының жанында әйел аулада кесілген ағаштардың бұтақтарын жинады. Абаттандыру ережесін бұзғаны үшін жергілікті тұрғынға әкімшілік хаттама жасалып, бірінші рет ескерту берілді», – деді ведомствода.
Полиция аймақтың барлық тұрғындарын заң бұзбауға және абаттандыруға үлес қосуға шақырады. Егер сіз жалпы пайдалану орындарын, құрылысты немесе басқа қоқыстарды белгіленбеген жерлерде сақтау фактілерінің куәсі болсаңыз, дереу «102» телефонына хабарлаңыз.