Аққулы ауданында «Жігер» спорт алаңы ашылды
Нысанның құрылысы екі ай жүргізілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аққулы ауданы әкімдігінің мәліметінше, аудан орталығындағы нысанның алаңы – 1,26 га, шағын футбол алаңының аумағы – 800 шаршы метр, баскетбол алаңының аумағы – 224 шаршы метр, волейбол алаңының аумағы – 360 шаршы метр. Жалпы сметалық құны 139,485 млн теңгені құрайтын нысанның құрылысын мердігер «Ер Алаш» ЖШС жүргізген.
Заманауи спорт-ойын алаңының ашылуын ауыл тұрғындары тағатсыздана күткен. Алаң әртүрлі жас топтарына арналған.
– Енді ауылдың жас спортшылары өздерінің жетістіктерін көрсете алады. Ауыл халқының спортқа деген ынтасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тренажер алаңы, жүгіру жолы салынған және басқа да құрал-жабдықтар орнатылған, – дейді әкімдікте.
Нысанды қолданысқа берген күні бірнеше команда футбол ойнап жарысты. Олар: ауыл мектебінің ұжымы, жастар мен өрт сөндіру бөлімінің командалары.
Еске сала кетейік, Қарақала ауылында биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынған. Жобаның құны – 373 миллион теңге. Мердігер – «ALTYN LTD» ЖШС.