Баян Алагузова Екібастұзда кино түсіріп жатыр

Баян Алагузова Екібастұзда кино түсіріп жатыр
Баян Алагузованың инстаграм парақшасынан алынған фотосурет

Жобада ол басты рөлді сомдауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстандық продюсер Баян Алагузова Павлодар облысына келіп, жаңа «Қызым» атты фильмнің түсірілімін бастады.

Продюсер жеке Instagram желісіндегі Stories-те айтқандай, түсірілім алаңына саяхат Алматыдан Астанаға ұшқаннан басталып, одан әрі көлікпен Екібастұзға дейін барған.

Баян Мақсатқызы ғашық әйелдің басты рөлін сомдайды. Оның кейіпкерінің аты Лейла, жасы 45-те, Екібастұзда дәрігер болып жұмыс істейді, әлі тұрмыс құрмаған. Оның ғашығы Ержанды қазақстандық танымал актер Әбунасыр Серіков сомдайды, ол «Брат или брак», «Келинка тоже человек», «Бизнес по-казахски» және басқа да фильмдердегі рөлдерімен танымал.

Жобаның режисері – Олжас Ибраев. Фильмнің экранға қашан шығатыны әлі белгісіз.