Баянауылда құжатсыз алкоголь өнімдерін жеткізген кәсіпорын әшкереленді

Баянауылда құжатсыз алкоголь өнімдерін жеткізген кәсіпорын әшкереленді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалпы облыс бойынша екі мыңнан астам бірлік алкоголь өнімдері тәркіленген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында прокурорлар, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен кең ауқымды профилактикалық айлық өткізілуде.

Рейдтер барысында көші-қон заңнамасы, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі, қаруды сақтау және айналымға шығару, алкоголь өнімдерін сату салаларында бірқатар бұзушылықтар анықталды, бұл бақылауды күшейтудің қажеттілігін көрсетеді.

– Мысалы, Баянауыл ауданында «GLOBAL WINE EKIBASTUZ» кәсіпорнының құжатсыз алкоголь өнімдерін жеткізу фактісі тоқтатылды. Нәтижесінде кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық прокуратурада. – Жалпы облыс бойынша екі мыңнан астам бірлік алкоголь өнімдері тәркіленді.

Бұдан бөлек, Аққулы ауданында айлық барысында прокурорлар кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық фактісін анықтады.

– Анықтағандай, анасы уақытша Алматы облысына кеткен кезде өгей әкесі мектепке дейінгі сынып оқушысын ұрған. Аталған дерек бойынша бірден ҚК-тың «Қинау» 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді прокуратурада. 

Сондай-ақ, іс-шаралар кезінде мемлекетаралық іздеуде жүрген тоғыз азамат анықталып, олардың жауапкершіліктен жалтаруын алдын алуға мүмкіндік берілген.