Аққулы ауданында елікті атып өлтірген браконьер ұсталды
Қоршаған орта қорғау шаралары облыс аумағында күшейтілген режимде жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
20 қарашада Аққулы ауданында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары «Tank-300» маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатқан.
– Тексеру барысында еліктің еті және ИЖ-27 маркалы аңшылық мылтығы табылды, бірақ браконьердің тиісті рұқсат құжаты болмаған, – деп атап өтті комитетте.
Материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі аңшылық ережелерін сақтамаған жағдайда браконьерлік үшін жауапкершілік көзделгенін ескертеді.