Баянауылда таудан құлаған зейнеткер құтқарылды
1958 жылы туған азамат Баянауыл орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусымда сағат 21.36-да Жасыбай демалыс аймағында тауда ер адам аяғын сындырып, түсе алмай қалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына альпинистік жабдықтары бар бес құтқарушы мен бір техника, кинолог шықты.
– Құтқарушылар ес-түссіз жатқан адамды анықтады. Ол таудан, биіктіктен құлаған. Оны көрген демалушылар құтқарушыларға хабарлады, – деді департаментте.
Ер адамның миы шайқалып, іші жарақаттанған.
Павлодар облысы ТЖД, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері мен жол-патрульдік қызметінің учаскелік инспекторлары мамандандырылған зембілдерді пайдалану арқылы 200 метр биіктіктен зардап шегушіні жерге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.