Биыл бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі жиналды
Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сонымен қатар майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр.
– Биыл бұршақ дақылдарының рекордтық өнімі – 1 млн тоннадан астам көлемде жиналды. Сондай-ақ 2,9 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды, — деді Айдарбек Сапаров.
Оның сөзінше, майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр, дегенмен бүгінгі күннің өзінде рекордтық өнім – 4,3 млн тонна жиналды. Сонымен қатар мақта терімі де аяқталды, жалпы түсім 428 мың тоннаны құрады. Мұндай көлем соңғы 18 жылда алғаш рет тіркеліп отыр.