Биыл Павлодарда 800-ге жуық отбасы баспаналы болады
Қала әкімі Ержан Иманзайыпов тұрақты есептік кездесуде қаланы одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Жыл соңына дейін 5 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл үйлерден 783 отбасы пәтер алады, оның ішінде 264 отбасы – Аллюминстройдың бұрынғы тұрғындары. Жалға берілетін баспана құрылысысының қарқыны баяу екені жасырын емес. Алайда, Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен кезекте тұрғандарға жеке құрылыс салушылардан пәтер сатып алу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде республикалық бюджеттен 450 пәтер сатып алуға қаражат бөлінді, – деді Ержан Иманзайыпов.
Сонымен қатар қала әкімі 2023 жылы облыс орталығында жолдарды асфальттау, жылу желілерін, сумен жабдықтау, кәрізді қайта жаңарту, скверлер мен саябақтарды жөндеу, жағажайларды абаттандыру жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Биыл 100 аулада жаңа балалар алаңы пайда болады
– Ауладағы спорт нысандары менің бақылауымда. Олардың барлығы балалар үшін қолжетімді болуы керек, өйткені спортпен шұғылдану жас ұрпақтың денсаулығы үшін маңызды. Қалада тағы 100 стритворкаут және 50 көше тренажерлері орнатылады. Қала тұрғындары көтерген мәселелердің ешқайсысы да назардан тыс қалған жоқ. Көбінесе тозығы жеткен ойын алаңдарын ауыстыру немесе жаңадан орнату мәселесін көтерілді, – деді Ержан Иманзайыпов.
Кездесуде бірқатар әлеуметтік мәселелер айтылды. Оның бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарды бірнеше мекенжай бойынша орнату. Көтергіш құралдар суықта төмен температураға төтеп бере алмай жиі істен шығады. Қала әкімі әлеуметтік қорғау және құрылыс бөліміне осы мәселені шешу мақсатында бір апта ішінде сол жерге баруды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram