Павлодарда елімізге белгілі теолог жат ағымдар жайлы семинар өткізді
Семинарға өңірдегі дін қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Нұр Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетнің оқытушысы, теолог Ризабек Батталұлы ҚМДБ-ның діни оңалту бағыты бойынша арнайы Павлодар облысына келді.
- Ризабек Батталұлы облыстағы қызметкерлеріне ақида пәнінен «Деструктивті бағыт-дін емес» тақырыбында бір күндік семинар-тренинг өткізді. Семинарда ақида мәселесі, соның ішінде мәтруди ақидасының негізін кеңінен түсіндірумен қатар жат ағым ақидаларының негізі мен қателіктері туралы айтты, - деді ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы.
Сондай-ақ теолог қатысушылардан қойылған әртүрлі сұрақтаға жауап берді.
Семинарға облыс бойынша барлық дін қызметкерлері, яғни қала мешіттерінің бас имам, наиб имам, ұстаз, азаншылыры; аудандық мешіттердің бас имамдары мен ұстаздары, Сольнечный, Майқайың, Кенжекөл, Ленин кенті, Кемеңгер, Жетекші кенттерінің мешіт имамдары және діни оңалту жұмысы мен түзету мекемесіне жауапты дін қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, мешіттердегі әйел ұстаздар да түгелдей қатысты.