Биыл Павлодардың үш мектебінде жаңа спорт алаңдары жабдықталады
Көктемнің келуімен дене шынықтыру сабақтары мектеп стадиондарында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы комиссия мүшелері спорт алаңдарының жай-күйін қарап шықты.
– Балалардың толыққанды дамуы үшін таза ауа қажет екені жасырын емес. Сондықтан көктемнің келуімен дене шынықтыру сабақтары мектеп стадиондарында өтеді. Осы орайда олардың жағдайы дұрыс болуы керек, – делінген хабарламада.
Бірінші кезекте стадиондардағы санитарлық тазалау, шағын формалардың, қақпалардың жай-күйі бағаланды. Сонымен қатар, тартан жабыны мен жарықтандыруға назар аударылды. Қажет жерде бәрі ретке келтіріледі.
– Биылғы жылы қаланың үш мектебінде жаңа спорт алаңдары жабдықталатынын атап өткім келеді, бұл №11, №14 және №27 мектептерде, – деді білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдралин.
Сонымен қатар, елде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жарияланды.
Осыған орай, ол қоршаған ортаға бей-жай қарамайтындардың барлығын экологиялық сенбілікке қатысуға шақырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram