Екібастұз әкімі 2-МАЭС-тегі үшінші энергоблок құрылысының барысымен танысты

Екібастұз әкімі 2-МАЭС-тегі үшінші энергоблок құрылысының барысымен танысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала басшысы Аян Бейсекиннің мәліметінше, қуаты 550 МВт болатын энергоблокты салу жұмыстары белгіленген жоспарға сай жалғасып жатыр.

– Жоба өңірдің энергетикалық және экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Үшінші энергоблок құрылысы барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген, – деді Аян Бейсекин.

Құрылыс жұмыстарын 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Одан кейін нысанда іске қосу және реттеу жұмыстары басталады.

Қала әкімінің айтуынша, стратегиялық маңызы бар жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан Үкіметі мен Павлодар облысы басшылығының бақылауында тұр.