Екібастұзда депутаттар балалы отбасыларға көмектесті

Екібастұзда депутаттар балалы отбасыларға көмектесті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

211 оқушыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясының мүшелері «Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Қала тұрғындарының өтініштерін тыңдаған халық қалаулылары оларға жан-жақты қолдау көрсетті. Бұдан бөлек, қалалық мәслихат депутаттары мен «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының депутаттық фракциясы «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты.

Көмек көрсету жұмыстары қалалық білім бөлімі басшылығы және мектептердің әлеуметтік педагогтарымен бірлесіп атқарылды. Бұл жолы бұрын жалпы білім беру қорынан және басқа да көздерден көмек алмаған отбасыларға қолдау көрсетілді. Балаларға қажетті кеңсе тауарлары, киім-кешек және аяқ киім сатып алынды.

«Богатырь Көмір», «МАЭС-1», «Линейный» және басқа да бастауыш партия ұйымдары да бұл игі істен шет қалмады.

Акция қорытындысы бойынша партия мүшелері көрсеткен көмектің жалпы сомасы шамамен үш миллион теңгені құрады.