Павлодар облысында қызмет алушылар күні өтеді
Мамандар өңір тұрғындарына мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша қажетті кеңестер береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің мәліметінше, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасында облыс тұрғындары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке объектінің паспорты, кадастр ережелерімен танысып, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы тақырыбында өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя алады.
Іс-шара 15 қазан күні сағат 11:00 – 12:30 аралығында ұйымдастырылады.