Екібастұзда көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Теміржолшылар күніне байланысты Әуезов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 2 тамыз күні сағат 16:00-ден іс-шаралар аяқталғанға дейін Әуезов көшесінің Энергетиктер көшесінен Е.Көшербаев көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Осы уақытта қалалық автобустардың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді: жаңа маршрут Е.Көшербаев көшесі – Кеншілер көшесі – Энергетиктер көшесі, ары қарай бекітілген бағыт бойынша жалғасады.
Ведомство тұрғындардан сапарларын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.