Павлодар облысында коммуналдық мәселелер бойынша қоғамдық қабылдау өтеді
Тұрғындар коммуналдық қызметтерге қатысты сұрақтарын онлайн форматта қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұрғындарға арналған қоғамдық қабылдау ұйымдастырады.
Іс-шара 1 желтоқсан күні сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде өтеді.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар коммуналдық қызметтерді алу кезінде туындайтын мәселелерді көтеріп, тұтынушы ретіндегі құқықтары мен оларды қорғау жолдары туралы түсініктеме ала алады.
– Қабылдауға Павлодар облысының тұрғындары және басқа да мүдделі тұлғалар қатыса алады. Сұрақтарды тікелей эфир барысында қойып, пікірлер бөлімінде қалдыруға болады. Барлық сұраққа міндетті түрде жауап беріледі, – деп хабарлады департамент.
Тікелей эфирді осы сілтеме арқылы көруге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7182) 61-59-88 нөміріне хабарласуға болады.
