Екібастұзда белгісіз адам 32 жастағы жігітке оқ атты
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамыр күні сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама түскен.
– Аталған мекенжайға дереу жедел тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, зерделеді. Белгісіз атыс қаруынан белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, – дейді департаментте.
ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша устау изоляторына қамауға алынды. Екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс шаралары жүргізіліп жатыр.