Екібастұзда екі көлік соқтығысты

Екібастұзда екі көлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол апаты «Федор» дүкенінің жанында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 10 қыркүйекте сағат 01:20 шамасында болған.

Энергетиктер көшесінде екі көлік соқтығысты. Toyota Camry көлігін 53 жастағы, ВАЗ 21140 көлігін 22 жастағы жүргізуші басқарған. 

–  Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізушінің де көліктері зақымдалды, – деді департаментте. 

Тәртіп сақшылары 53 жастағы жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 595-бабының бірінші бөлігі бойынша бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал бермегені үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оған бес айлық есептік көрсеткіш –  17250 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.