Павлодарлық полицейлер 2000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады
Ол жедел-профилактикалық іс-шараның нәтижесінде мүмкін болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жедел-профилактикалық іс-шараның нәтижесінде 2400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 460 көші-қон заңнамасын бұзса, 349 азамат қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен болса, 119-ы ұсақ бұзақылық, 471 жол жүру ережелерін бұзғандар.
- Мысалы, полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде "Павлодар-Қызылорда" автожолында Форд фокус маркалы автокөлігін басқарған 37 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші есірткі мас күйінде болған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сот шешімі бойынша оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 7 жылға көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Айта кетелік, "Құқықтық тәртіп" ЖПШ қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.