Павлодарлықтардың теплоходтағы төбелесі тәртіп сақшыларының назарына ілікті

Павлодарлықтардың теплоходтағы төбелесі тәртіп сақшыларының назарына ілікті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша іс қозғалды.

– Жанжалға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған бапқа сәйкес, 80 айлық есептік көрсеткішке (314 560 теңгеге) дейін айыппұл төлеу, қоғамдық немесе түзету жұмыстары, сондай-ақ 25 тәулікке дейінгі қамау санкциялары қарастырылған.