Павлодарлық оқушылар экологиялық мәселелерді тереңірек зерттей бастаған

«ECO – мен, ECO – біз, ECO – әлем» атты қалалық байқауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, «Час Земли» дүниежүзілік экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған қалалық балалар көркемсурет мектебімен балалар суреттері, парақшалар, комикстер байқауына қала мектептерінен 51 оқушы қатысты.
– Оқушылар байқауға дайындалған және олар еліміздің экологиялық проблемаларын білетіндігі көрініп тұр, – дейді қазылар алқасының төрағасы Ерсін Тақырбасов. – Жеңімпаздарды анықтау қиын болды, өйткені барлық жұмыстар лайықты, әртүрлі кескіндеме, графика техникасында орындалғаны қуантады. Өйткені, байқауға қатысушылар ұсынған жұмыстардың деңгейі жыл сайын артып келеді.
Байқау қорытындысы қатысушылардың жасына қарай «Сурет», «Парақшалар», «Комикстер» номинациялары бойынша шығарылды.
– Мен табиғатты өте жақсы көремін. Онсыз адам өмір сүре алмайды, бірақ оны адамдар бүлдіріп, ластайтынына қынжыламын. Сондықтан мен өз жұмысымда барлық адамдарды табиғатты қорғауға шақырамын, – дейді № 24 ЖОМ оқушысы, 10 жастағы Айткен Жансерік.
10 -11 жас аралығындағы қатысушылар арасында тоғыз оқушы, 12 -13 жас аралығындағы қатысушылар арасында тоғыз оқушы,14 -16 жас аралығындағы қатысушылар арасында 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды.