Екібастұзда оқушыны жабылып ұрып-соғу бойынша тексеріс ашылды

Екібастұзда оқушыны жабылып ұрып-соғу бойынша тексеріс ашылды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласында мектеп оқушылары бір баланы ұрып-соққан бейнесі таралып кетті. Оқиғаны облыстық полиция департаменті растап, түсінік берді.

– Бейне бойынша тексеріс жүргізілді. Бұл жағдай 6 қараша күні тіркелді. Кәмелетке толмаған балалардың жеке басы анықталды. Полицияға осы жағдайға байланысты өтініш келіп түспеді. Факт тіркелді, оқиғаның барлық мән-жағдайлары анықталып жатыр,– деді департаментте. 

Сондай-ақ, Екібастұз қаласның білім беру бөлімі де өз тарапынан тексеріс ашты.

Ал желі қолданушылар бұл жағдайға қатысты түрлі пікір қалдыруда. 

«Зардап шеккен бала жетім. Оны қорғайтын ешкім жоқ. Айтарға сөзім қалмады, бұл сұмдық жағдай», – деп жазды желі қолданушылар.