Павлодарда жалқау жүргізушілер айыппұл арқалады

Павлодарда жалқау жүргізушілер айыппұл арқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Автокөліктерін рұқсат етілмеген жерлерге қою төтенше жағдай қызметі көліктерінің өтуіне кедергі жасайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы өңірде белгіленбеген орындарында өз көліктерін қойған 2370 жүргізушілері жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, «Hyundai» автокөлігінің жүргізуші Торайғыров көшесіндегі дүкеннің жанына көлігін қойып, басқа көліктердің қозғалысына кедергі болған. Басқа жағдайда Иса Байзақов көшесіндегі тротуарда жүргізуші өз көлігін қойып, аналар балаларымен арбамен жүре алмаған. Ал Едіге би көшесіндегі «lexus» жүргізушісі көлікті бордюр арқылы тротуарға қойып, кептеліс тудырған әрі басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтірген. 

Ашуланған жүргізушілер, зейнеткерлер мен ата-аналар полицияға қоңырау шалып, тұрақта тұрған көліктерді айналып өтуге мәжбүр екендерін айтқан. 

Әңгіме барысында жүргізушілер өз әрекеттерін автотұрақтан межелі жерге дейінгі қашықтық ұзақ, жүруге ерінетіндерін айтып түсіндірді, сондықтан олар көлікті объектіге жақын қоюды шешкен. Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына айыппұл салынды, – деп хабарлады департаментте. 

Полиция азаматтардан, егер көлік құралы тұрғындар мен шұғыл қызметтерге қолайсыздық туғызса, 102 телефонына хабарлауды немесе «Рolice 102» мобильді қосымшасын пайдалануды, фото-бейнежазба түсіріп, инстаграмдағы @dp_pavlodar сайтына жіберуді сұрайды.