Павлодарда үздік волейболшылардың жекпе-жектері басталады
«Баянтау» спорт кешенінде ерлер командалары арасындағы Ұлттық лиганың екінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ойындар 19 желтоқсанда басталады. Алғашқы екі ойын күні бірінші айналымды қорытындыласа, ал қалғандары Қазақстан элиталық дивизионының екінші турына есептелетін болады. Жарыс екі жоспарланған демалыс күнімен өтеді.
19 желтоқсанда «Баянтау» спорт кешенінде «Ақтөбе» мен Петропавлдың «Есілі» ойынға кіріседі, кездесу сағат 11.00-де басталады. Турнир қожайындары «Павлодар» алғашқы матчын еліміздің іс басындағы чемпионы «Таразға» қарсы өткізеді. Кездесу сағат 18.30-да басталады. Кіруі тегін.
Чемпионаттың екінші кезеңі 27 желтоқсанда аяқталады. Бірінші турдан кейін павлодарлықтар турнирлік кестеде бесінші орында. Көш басында Талдықорғанның «Жетісу» командасы, одан кейін Оралдың «Жайығы» мен «Тараз» келеді.