Павлодарда еліміздің үздік волейболшыларының ойындары аяқталды

Павлодарда еліміздің үздік волейболшыларының ойындары аяқталды
Фото: автор

Ұлттық лиганың ерлер командаларын плей-офф кездесулері күтіп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Төртінші тур «Pavlodar» және «Ақтөбе» командалары арасындағы кездесумен аяқталып, батысқазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде турнир иелері турды бесінші орынмен аяқтады.

Алаң иелері тартысты жекпе-жекте бірінші сетті өз пайдасына шеше білді – 33:31. Екінші кезеңде павлодарлықтар барлық күш-жігеріне қарамастан батысқазақстандықтардан жеңіліп қалды: алаң иелері жиі қателіктер жіберіп, ақтөбеліктердің шабуылдарына тосқауыл қойып үлгермеді. «Ақтөбе» командасының жас ойыншысы Асылхан Ізбергенұлы алаң иелерінің алаңын тұрақты түрде нысанаға алды. Оның күшті соққылары командасына талай ұпай әкелді.

Үшінші сетте эксперименттік құрамда ойнаған павлодарлықтар тұрақты чемпионаттың екінші командасына барынша қарсы тұруға тырысқанымен, жеңілуге мәжбүр болды. Нәтижесінде 3:1 есебімен ақтөбеліктер жеңіске жетті. Сергей Глебовтың шәкірттері бес кездесудің екеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілді. Осыған қарамастан төртінші турдың матчтары кезінде «Баянтау» спорт сарайының мінберлері көрерменге толып, еліміздің үздік волейболшыларының ойындары қала тұрғындарына жарқын эмоциялар сыйлады.

«Pavlodar» чемпионаттың негізгі бөлігін бесінші орында аяқтады, соның нәтижесінде павлодарлықтар «Жетісу» және «Тараз» командаларымен ширек финалдық «А» тобына түсті. Бұл трионың жеңімпазы Оралдың «Жайық» командасымен жартылай финалға жолдама алады.

Плей-офф ойындары 24-26 наурызда Оралда өтеді. Айта кету керек, Максим Мищенко павлодарлық команда сапында төртінші турдың үздік ойыншысы деп танылды.