Елімізде ЖРВИ жұқтырғандар өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге төмендеді

Елімізде ЖРВИ жұқтырғандар өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге төмендеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Соңғы бір аптада елде 195 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәліметінше, қыркүйектің басынан бері елімізде ЖРВИ-дің 1,5 миллионнан астам жағдайы анықталған. Өткен эпидемиялық маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіші 23 пайызға төмендеген.

– Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткішінің төмендеуі профилактикалық шараларды елемеуге болады дегенді білдірмейді, – деді Сархат Бейсенова.

Зертханалық тексерулер барысында риновирустың 345, бокавирустың 195 және аденовирустың 189 жағдайы анықталған.

Комитет төрағасы әртүрлі вирус қоздыратын аурулардың белгілері ұқсас болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан ауруды өз бетінше анықтап, емделуге болмайды. Қажет жағдайда дәрігерге уақтылы жүгінген жөн.

Сархат Бейсенова антибиотиктердің вирустарға әсер етпейтінін ескертті. Вирусқа қарсы және өзге де дәрілерді қабылдау қажеттігін дәрігер анықтайды.