«Ертіс» ойыншысын Бекхэммен салыстырды

«Ертіс» ойыншысын Бекхэммен салыстырды
Фото: ABC

Команда «Астана Ж» ұжымына қарсы кездесуге әзірленуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Футболшылардың жаттығуынан сыр шертетін видеода ойыншылар қақпаға соққы бағыттап әзірленуде. Осы сәтте Бақтияр Төлеуов «Сен не, Дэвид Бекхэмбісің?» деп Виктор Крюковтан кекете сұрайды. Тәжірибелі латераль де әзіл ауылынан екендігін білдірді.

- Әрине, менің фотом мен оның фотосын салыстырсайшы – ұқсаймыз ғой. Мен тек одан сәл сымбаттырақпын, - деді Виктор Крюков.

Әңгімеге қатысқан Әмір Мұралинов күлкілі сұхбатты одан бетер дамытты.

- Иә, бірақ ол сәл ауқаттырақ, - деді Әмір Мұралинов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Ертіс» ФК | Павлодар (@ertis_fk)

Естеріңізде болса, алты турдан кейін «Ертіс» Екінші лиганың көшін бастап келеді. Келесі кездесуді команда 21 мамырда «Астана» жастарына қарсы өткізеді.

Басталуы сағат 19.00-де. Кіру тегін. Матч қарсаңында жанкүйерлерге арнайы іс-шаралар өтеді: музыка, конкурстар, балалар қызықтары мен тегін балмұздақ таратылады.