«Ирина Қайратовна» ең ұлы павлодарлық кім деген сұраққа жауап берді
Топ мүшесі Алдияр Жапарханов Павлодарды Қазақстанның музыкалық астанасына айналдырған әртістерді санамалап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Журналист сұрағына жауап берген ол Павлодардағы музыкалық толқынды Серік Мүсәлімов бастағанын атап өтті.
– Әрі қарай Скриптонит болды, өзің білесің, ол біздің ортақ ағамыз. Әрі қарай Truwer, 104, Грэмми болды. Мен Mon Songz, abdr, Ринат Малцагов, Маша Мудряк, «Белые тени» туралы әлі тіс жармай отырмын. Ұлы павлодарлық деген жоқ, ұлы қала бар – ол Ақсу, – деп әзілдеді Алдияр Жапарханов.
«Ирина Қайратовна» 2017 жылы атағы жер жарып, топ мүшелері вайн, скетч түсіріп жүрді. Әрі қарай олар YouTube платформасына ауысты.
Бірінші жылы-ақ миллиондаған көрермен жинады. 2018 жылы ірі гонорарға қол жеткізді.
Топ мүшелері Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де оқып жүрген павлодарлық студенттерден құрылды. Олар Қуаныш Бейсеков (режиссёр), Алдияр Жапарханов (әзілдер авторы), Азамат Маркленов (продюсер), Жасұлан Оңғаров, Илья Гуменный (композитор), Ұлан Қайраласов (импровизатор).