Криштиану Роналду 30 жастан кейін ең көп гол соққан ойыншы атанды

Криштиану Роналду 30 жастан кейін ең көп гол соққан ойыншы атанды
Фото: @cristiano

Мұндай нәтижеге 192 елден ешкім жетіп көрген емес, деп хабарлайды @Kazinform.kz

Португалия командасының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду 30 жасынан кейін ең көп гол соққан ойыншы атанды. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде 38 жастағы К.Роналду Словакиямен матчта (3:2) қос голдың авторы атанып, өз командасына жеңіс әперді.

Осылайша, Роналду халықаралық деңгейде өзінің 30 жасынан кейін 73-голын енгізді.

Мұндай нәтижеге 192 елден ешкім жетіп көрген емес. Бұл мемлекеттердің қатарында Германия, Франция, Италия, Англия, Испания, Нидерланд, Швеция, Хорватия, Дания, Уругвай, Колумбия, Чили, Мексика, АҚШ, Мысыр, Гана және басқалар бар.