Болгарияда мектептер уақытша жабылды
Болгарияда мектептерге жарылғыш зат қойылды деген ақпараттың таралуына байланысты ондаған білім ордасы уақытша жабылды, деп хабарлайды 24.kz.
Мектептер 3 күн жұмыс істемейді. Жарылғыш туралы хабарламалар білім ұяларының пошталарына келіп жатыр. Қазір үш қаладағы мектептерді құқық қорғау органдарының өкілдері жіті тексеріп жатыр. Әзірге ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
Алдын ала болжам бойынша, бомба жайлы хабарламалар жексенбі күні өтетін сайлауға кедергі жасау үшін таратылған.