Павлодар облысында ауыл құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндіруге көмектесті

Павлодар облысында ауыл құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндіруге көмектесті
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

112 пультіне Кемеңгер ауылындағы жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дереу тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен.

Оларға Кемеңгер ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің еріктілері де көмекке келген.

Бірлескен күштердің арқасында өрт 60 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырып, өрт шыққан жағдайда дереу 112 нөміріне хабарлау қажеттігін ескертеді.