Майқайың кенті жаңаша түрленеді

Майқайың кенті  жаңаша түрленеді
Фото: Валерий Бугаев

Аймақ басшысы Асайын Байханов жұмыс сапарымен Майқайың кентіне барып, абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл мұнда 20 көшенің 9,4 км кентішілік жолдары жөнделеді. 

Сондай-ақ, кентте алғаш рет көпқабатты алты  тұрғын үйдің аулалары абаттандырылады. Жаяу жүргіншілер жолдары салынады, аумақтарына асфальт төселеді, жарықтандыру жүргізіледі, балалар ойын алаңдары мен көше тренажерлері орнатылады.

Аумағы 600 шаршы метр болатын жалпы балалар ойын және спорт алаңы пайда болады, кіші жастағы балаларға арналған ойын алаңы, сондай-ақ, жасөспірімдерге арналған тренажерлер мен турниктер орналасады.

Асайын Байханов аудан басшылығына барлық жұмыстарды мерзімінде орындауды және сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды.