Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған жасөспірім қыз мерт болды

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған жасөспірім қыз мерт болды
Фото: Константин Шелков

14 жастағы қыз бала өмірмен сәйкес келмейтін жарақаттар алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 15 қыркүйек күні сағат 21:30-да  биіктіктен құлау туралы хабар келіп түсті.

–  Медициналық топ бірінші жеделдік санаты бойынша жолданды. Фельдшерлер үш минутта жетті,– деді станцияда.

Горький  көшесінде орналасқан он қабатты үйдің сегізінші қабатынан 2009 жылғы қыз бала құлап, өмірімен сәйкес келмейтін жарақаттардан мерт болды.