Павлодар облысы су тасқынына қаншалықты дайын?

Павлодар облысы су тасқынына қаншалықты дайын?
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Залалдың алдын алуға және азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемгі су тасқынының жағымсыз салдарын азайту мақсатында Бүгінгі таңда жоспардың 47 тармағының 28-і іске асырылды.

Ведомство басшылығы тексеру барысында департаменттің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі: арнайы техника, көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жою үшін тартылатын жеке құрамның дайындығы тексерілді. Барлығы 179 қызметкер, 64 түрлі арнайы техника, 59 мотопомпа, төрт жүзу құралы және үш вахтовка жұмылдырылды. Тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар берілді, – дейді департаментте. 

Айта кету керек, ТЖД күштері мен құралдары су тасқыны жағдайы өршіген жағдайда жедел ден қою мақсатында құрылған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының бекітілген тобының құрамына кіреді. Оған жергілікті атқарушы органдар, полиция, жедел жәрдем, еріктілер және басқа да мүдделі қызметтер бар. Барлығы 1600 адам, 650 инженерлік және арнайы техника, 34 жүзу құралы, 266 мотопомпа, сондай-ақ жеке құрамды тасымалдау және халықты эвакуациялау үшін 184 техника жұмылдырылады.