26 наурыз күні Павлодар облысында даланы тұман торлайды

26 наурыз күні Павлодар облысында даланы тұман торлайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -3...+2°C, облыстың шығысында -6°C ге дейін төмендейді. Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +5...+10°C, облыстың оңтүстігінде +13°C дейін жылынады деп болжануда. Батыста, оңтүстікте және шығыста тұман болады.

Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде 0...-2°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +6...+8°C-ге дейін көтеріледі.