Павлодар ауданында полицейлер жоғалған жылқыларды тапты
Ер адам жоғалған жылқыларды өз күшімен табуға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Үміт-апа ауылының тұрғыны полицияға еркін жайылымда жүрген үш бас жылқысынан айырылғаны туралы хабарлаған.
Криминалдық полиция қызметкерлері жылқылардың орналасқан жерін анықтау үшін дереу шаралар қабылдады.
– Іздеу іс-шаралары барысында полицейлер жоғалған жылқыларды Успен ауданы Константиновка ауылының маңынан даладан тапты. Иесі өз жануарларын таныды. Ауыл тұрғыны полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді, – деді Павлодар ауданының полиция бөлімінде.
Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, жайылымдарда малды қараусыз қалдырмауға шақырады, өйткені бақылаусыз жайылып жүрген мал қылмыскерлердің оңай олжасына айналады.