Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты

Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты
Фото: Константин Шелков

Спорттық-мәдени іс-шараның ашылу салтанаты «Астана арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысу ниетімен спорттық алаңға аттанды.

Алғашқы іссапар жұмысы «Астана арена» стадионынан бастау алды. Отыз мың көрермен еркін сыятын стадионға жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары аяқталып, жабдықтары толықтай жаңартылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ат спортынан жарыстар өтетін «Қазанат» ипподромын, жамбы ату және теңге ілу сайыстары үшін арнайы жасақталған алаңды көрді.