«Мен жастарға сенемін»: Асайын Байханов өңір жастарымен кездесті

«Мен жастарға сенемін»: Асайын Байханов өңір жастарымен кездесті
Фото: Валерий Бугаев

Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуді ашқан Асайын Байханов өздерінің жетістіктерімен өңіріміздің даңқын асырып жүрген жастарға алғысын білдірді.

Даму тенденцияларының қазір басқаша екенін қайталаудан шаршамаймын, ерекше шешімдер мен мүмкіндіктердің уақыты келді. Сіздердің батыл әрі жарқын идеяларыңызға қолдау көрсету біз үшін өте маңызды. Және маған өңір басшысы ретінде, жастардың кетуіне жол бермеу өзекті, – деді облыс әкімі.

«Сұрақ-жауап» форматында өткен кездесуде жастар тегін коворкингтер ашудан бастап блогерлік турларға дейінгі идеяларымен бөлісті.

Сондай-ақ, өңір басшысы жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік қолдау шараларын, өз істерін ашу үшін жеңілдетілген шағын несиелер беру, «Ертіс жастары» тұрғын үй бағдарламасы туралы айтты.

Облыста 35 жасқа дейінгі 207 663 жастар бар. Бүгінде 2 триллион теңгеге 91 жобадан тұратын пул қалыптастырылды, ол 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Осы жылдың 1 мамырына дейін қалалар мен аудандардың Мансап орталықтарына 1964 жас өтініш білдіріп, олардың 1424-і жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 810 адам ауыл жастары. Жастарды нақты жұмысқа орналастыру үшін «Тиімді таңдау» жобасы жүзеге асырылуда. Жас мемлекеттік қызметшілерді өңірлік кадр резервіне қабылдау аяқталды.

Жастардың өз істерін ашу және кеңейту үшін жылдық 2,5%-бен биыл 820 миллион теңге сомасына 164 жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланған.

Жастардың көпшілігін толғандыратын сұрақ – бұл үй сатып алу. «Отбасы банкімен» бірлесіп Павлодар мен Ақсу қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған «Ертіс жастары» өңірлік жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды, – деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі өңірден Мария Мудряк, Иманбек, Скриптонит, Алдияр Жапарханов, Қуат Есенов және тағы басқа әлемдік жұлдыздар шыққанын атап өтті. Өңір басшысы 22 жасқа дейінгі ерлер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Сабыр Ерболатовты құттықтап, 1 миллион теңгеге ақшалай сертификат табыс етті.

Кездесу соңында Асайын Байханов ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген қанатты сөзін айтып, өңірдің болашағын әрдайым қолдайтынын жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @pavlodar_region