Су, жол: Успен ауданында қандай өзгерістер енгізіледі?

Су, жол: Успен ауданында қандай өзгерістер енгізіледі?
Фото: Константин Шелков

Облыс әкімі Асайын Байханов Успен ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгінде Успен ауданында халықтың сумен қамту деңгейі 97 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта төрт елді мекен қалып отыр, халық саны 150-ден төмен. 

– Оларда КБМ 2025 жылы толықтай қамтылады. Екеуіне де қаражат бөлінді. Ауылішілік және кіреберіс жолдары толықтай асфальтталды. Ковалевка және Қаратай ауылдарында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша  ауылішілік жолдар жөнделеді, – дейді Успен ауданының әкімі  Нұрболат Мақашев.

Сондай-ақ, бонустық трансферттер арқылы Қызылағаш, Қозыкеткен және Таволжанда үш елді мекенде ауыл ішілік жол жөнделеді. Көктемгі ағын суға дайындалу ниетімен бонустық трансфер арқылы Успен ауызсуына техника алынды. 

Жарық өшкен жағдайда уақытылы әлеуметтік нысандарды жарықпен қамтамасыз ету үшін жылжымалы 100 киловатттық электр станциядағы генератор сатып алу көзделуде.

Сонымен қатар, үш мектепте күрделі жөндеу өтеді деп жоспарлануда. Ковалевка ауылында есіктерді жөндеу, абаттандыру, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, аудандағы ең үлкен, 386 оқушы оқитын Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепке 221 млн теңге қаражат бөлінді. Онда ішкі жұмыстар атқарылады. 

М. Жұмабаев атындағы мектепте 20 жыл ішінде шешілмеген мәселе бойынша 239 млн теңге бөлінді. Облыс әкімінің қолдауымен жылумен қамту, ішкі және сыртқы жұмыстар жүргізіледі.

Асайын Байханов аудан әкіміне қаражатты уақтылы пайдаланып, жұмыстарды сапалы орындалуын, толық бақылауға алуды тапсырды. Көптен бері шешілмеген сұрақтар, жүйелі мәселе екендігіне назар аударды.