Павлодарда бірнеше үйде су уақытша өшіріледі
Жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 наурыз күні Естай көшесі, 58 мекенжайында КСС-17 су есептегіштерін орнату жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін келесі мекенжайларда сумен қамту уақытша тоқтатылады:
- Естай көшесі, 54, 56, 56/1, 56/2, 58;
- Академик Бектұров көшесі, 62, 62/1, 62/2, 62/4, 66.
Коммуналдық қызмет өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға алдын ала су жинап алуды ұсынды.