Неліктен Қазақстанды медициналық туризм үшін таңдайды?

Неліктен Қазақстанды медициналық туризм үшін таңдайды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2024 жылы UMC клиникаларының базасында 2000-нан астам шетелдік пациент емделді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Олар қымбат, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, хирургиялық араласуды, соның ішінде жүрек операцияларын, стоматологиялық көмекті, онкологияны емдеуді және буындарды протездеуді таңдайды.  

Қазақстанды медициналық туризм үшін таңдау себептері: 

  • Сапалы медициналық көмек; 
  • Диагностика мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістері; 
  • Дамыған аурухана инфрақұрылымы; 
  • Жоғары білікті дәрігерлер; 
  • Медициналық қызметтердің құны шет елдерге қарағанда төмен.
  • Бізге қай жақтан емделуге келеді? 

Бұл – Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан сияқты таяу шет елдер. Сонымен қатар, Түркия, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Австралия елдерінен келеді.