Норвегия мектептерінде телефонсыз тәжірибе оң нәтиже берді
Норвегия Ғылым және технология университетінің жаңа есебінде көрсетілгендей, мектептерде мобильді телефондарды пайдалануға тыйым салу айтарлықтай оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.
Көптеген оқу орнында тыныштық орнап, оқушылар үзілістерді телефонмен емес, әңгіме айтып, бірге уақыт өткізе бастады.
Зерттеушілер мен билік өкілдері мобильді құрылғылардан толық бас тарту бала тәрбиесіндегі буллинг (зорлық-зомбылық) мәселесін шешпейтінін атап өтті. Соңғы жылдары мектеп ордасы цифрлық қысым мен агрессивті коммуникацияның әсерін көбірек сезініп отыр, сондықтан қауіпсіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуы тиіс.
2024 жылы қабылданған ұлттық ұсыныстарға сәйкес, бастауыш және орта мектеп сыныптарында телефонға тыйым салынады, ал кіші және орта сыныптар үшін «мобильді телефонсыз» үзілістер ұйымдастырылады.
Норвегияның Білім министрі Кари Несса Нордтун бұл шешімді оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырудағы маңызды шара деп атады.
Сонымен қатар, билік ата-аналардың негізгі рөлін атап өтті. Олардың пікірінше, буллинг пен цифрлық даулардың алдын алуға тек отбасы мен мектептің тығыз ынтымақтастығы арқылы қол жеткізуге болады.
- Ата-аналар белсенді қатысуы тиіс. Балалардың цифрлық өмірін толықтай мектепке жүктей алмаймыз. Қуанышқа орай, мен өзгерістерді көріп отырмын - ата-аналар бірігіп, ортақ ережелер орната бастады. Сондықтан олардың бір-бірін танып, ақпарат алмасып, инклюзивті әрі позитивті мектеп қауымдастығын құру үшін бірге жұмыс істеуі маңызды, - деп атап өтті Білім министрлігінде.
Айта кетелік, Аустралия жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына алғашқы болып тыйым салған мемлекет.