Павлодар облысында қыздар көп қоныстанған ауыл — Тереңкөл
Ерлерге қарағанда нәзік жандылардың саны көп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облысымызда 391 572 әйел тұрады. Бұл — ер адамдардан отыз мыңға жуық адамға артық.
Бұл тұрғындардың 72 пайызы — қала тұрғындары. Павлодарда қаласында – 179 876, Екібастұзда — 67 245, Ақсуда 27 208 әйел бар.
27 пайызы ауылдық жерлерде тіркелген. Қыздар ең көп қоныстанған Тереңкөл ауылы – 4153. Ал екінші орынға Аққулы ауданы – 1469 тұрғын.
2022 жылмен салыстырғанда нәзік жандылардың саны азайған. Өткен жылы өңірімізде 392 382 әйел тіркелген болатын.