Павлодар облысында жолаушылар тасымалы тексеріледі
2025 жылдың 14 қаңтарынан бастап өңірде «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған іс-шараның мақсаты – автожолдардағы жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды бақылауды күшейту, сондай-ақ жеке тұлғалар тарапынан жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау.
– Полицейлер техникалық жай-күйі мен конструкциясы жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін заңсыз түрлендірілген автомашиналарды, таксилерді пайдалануға тыйым салу шараларын қолданатын болады, – деді департаментте.
Сондай-ақ, жол жүру ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жандандырылады.