Павлодарда алғашқы мопед тіркелді
Ер адам өз техникасына ресми техникалық паспорт пен нөмірлік белгі алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны мотоцикл маусымының басталуын күтпей, екі доңғалақты көліктің алғашқы иесі ретінде өзінің мопедін есепке қойды.
– Енді мопедтерді пайдалануға полицияда тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Егер А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі болса, тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға хабарласып, келесі құжаттарды ұсыну қажет: белгіленген үлгідегі өтініш, жеке куәлік, тіркеу алымының төленгенін растайтын құжаттар, бар болса, көлік құралына арналған техникалық құжат, көлік құралын тексеру актісі, – дейді департаментте.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың сәуір айынан бастап ҚР «Жол жүру туралы» Заңында мотоцикл қауіпсіздігіне бағытталған маңызды өзгерістер күшіне енеді.